Жаңалықтар

2020 жылдың 16 ақпан күні, 9:00-ден 13:00-ге дейін азық-түлік тауарларының кезекті жәрмеңкесі өтеді. Іс-шара "Весы" сауда үйінде («Жалын базарының арты»)өтеді.»

Теректі ауданының Әкімдігі Ауылшаруашылығын жүргізу үшін арналған жер телімін беру үшін конкурсын 2020 жылдың12наурызындасағат 11.00-де Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Федоровка ауылы Сұңқаркөшесі 20 мекен-жай бойынша Теректі ауданы Әкімдігінің кіші залында өткізеді. 

Жұмыс тобымен  қала аумағында стационарлық емес сауда павильондарын заңсыз орнату фактілерінің алдын алу және жолын кесу бойынша жұмыстарды жалғастыруда.

Жұбан Молдағалиев көшесінде заңсыз орнатылған сауда павильоны алып тасталынды. Сауда павильонын алып тастау қалалық коммуналдық қызметтердің күшімен уәкілетті орган қызметкерлерінің қатысуымен жүргізілді.

Кәсіпкерлік бөлімі, жер қатынастары бөлімі, Сәулет және қала құрылысы бөлімі, Тұрғын үй коммуналдық және Тұрғын үй инспекциясы бөлімі, Орал қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы мамандарынан жасақталған жұмыс тобы, Орал қаласы полиция басқармасы қызметкерлерінің көмегімен тұрақты негізде қала аумағында стационарлық емес сауда павильондарын заңсыз орнату фактілерінің алдын алу және жолын кесу бойынша жүйелі іс-шаралар жүргізеді.

2020 жылдың 1 ақпан күні, 9:00-ден 13:00-ге дейін азық-түлік тауарларының кезекті жәрмеңкесі өтеді. Іс-шара "Весы" сауда үйінде  («Жалын базарының арты») өтеді.

Батыс Қазақстан облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің (әрі қарай – Департамент) хабарламасын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ж.М. Бекшиннің «снюс» шегуге арналмаған,  темекі және темекісіз өнімдерді әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға тыйым салу туралы» қаулы шыққанын хабарлаймыз.