Орал қаласының кәсіпкерлік бөлімінің атқарған жұмысы туралы ақпарат

 

2019 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша қалада 31 057(6 197 заңды тұлға, 24 860 жеке тұлға) шағын және орта  кәсіпкерлік субъектісі тіркелген, 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда  4,1%-ға өскен (29 838 субъект).


Тіркелген ШОК субъектілерінің ішінде  белсенділердің  саны 24 433(4 338 заңды тұлға, 20 095 жеке тұлға) бірлікті  құрады (78,7%), 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда  аталған көрсеткіш 10,1%-ға өскен (22 182 субъект).


2018 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша ШОК саласында еңбек ететіндер саны  76 665 адамды (38 474 заңды тұлға,    38 191 жеке тұлға) құрайды, 2017 жылдың 1 қазанына 5,2%-ға өскен(72 844 адам).


ШОК субъектілерімен 2018 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 314,7 млрд. теңге сомасында өнімдер (жұмыстар, қызметтер) өндірілді немесе 2017 жылдың осы кезеңіне 85,1% құрайды(347,6млрд.теңге).


2019 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша ШОК субъектілерімен мемлекеттік бюджетке 2 149,1 млн. теңге (мемлекеттік бюджетке түскен жалпы түсімнің 34,3% құрайды-6 261,2 млн.теңге), бұл өткен жылдың аталған кезеңіне 9,6% өскен. Соның ішінде жергілікті бюджетке 752,2 млн. теңге көлемінде салық түскен, сәйкесінше жалпы қалалық бюджетке түскен түсім көлемінің 30% құрайды (2 516,1 млрд.теңге).


Кәсіпкерлік субъектілерінің экономикалық белсенділігін арттыру, жаңа кәсіпорындар ашу, жаңа жұмыс орындарын құрумен қатар, қолда бар жұмыс орындарын сақтап қалу мақсатында мемлекет тарапынан төмендегідей мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес қаржылық қолдаулар көрсетілуде.

 

Бизнестің жол картасы-2020

 

Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырылғаннан бастап Орал қаласы бойынша мемлекеттік қолдау шараларымен өткізілген инфрақұрылым және жалпы несиелер сомасы 64,5 млрд.теңгеге кәсіпкерлердің 512 жобалары мақұлданды.


Қолдау тапқан жобалар шеңберінде 17,3 мың жұмыс орындары сақталды және 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылды.


2019 жылы облысымызға мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруға жалпы сипаттағы трансферт көлемінен 1,6 млрд. теңге бөлінді, соның ішінде:

 
- несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға 1,4 млн. теңге,


- несиелер бойынша кепілдендіруге - 94 млн. теңге,


- гранттық қаржыландыруға - 47 млн. теңге.


2018 жылы несие сомасы 919 млн. теңгеге несиелердің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға 10 жоба мақұлданды. Соның ішінде құны 246,5 млн.теңге болатын 6 жоба Орал қаласына тиесілі.

 

"Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы

 

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде 2018 жылға (Орал қаласы мен Ақсай моноқаласы бойынша) бөлінген қаржы 354,7 млн. теңгені құрады, соның ішінде:


- микрокредиттер беруге 300,4 млн. теңге;


- кредиттер бойынша кепілдіктер беруге 54,3 млн.тенге.


2018 жылдың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 775,6 млн. тенгеге (оның ішінде 2017 жылдың қаражатынан – 537 млн. тенгеге 40 кредит) 66 кредит берілді (оның ішінде 22 старт-ап жобалар).

 

Орал қаласында әлеуметтік маңызы бар азық -түлік тауарларының бағаларының өсуіне жол бермеу жұмыстары бойыншамәлімет

 

Орал қаласы кәсіпкерлік бөлімі апта сайын қаламыздың 3 базары «Мирлан», «Алтын-Алма», «Караван» және 3 супермаркеті «Алтындар», «Анвар» мен «Лидер» супермаркеттерінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларына мониторинг жүргізеді.


Бірінші қажеттіліктегі азық-түлік тауарлар бағасының негізсіз өсуі байқалған жағдайда, бөлім тарапынан Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің БҚО бойынша Департаментіне тиісті шаралар қолдану үшін хат жолданады.


«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 қаулысына өзгерістер енгізу туралы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 137 қаулысына сәйкес, ӘМАТ тізімі 19  түрді құрайды.


Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және негіссіз өсуін алдын алу мақсатында, қала аумағында 2018 жылы шаруа қожалықтарының, тауар өндірушілері мен көтерме жеткізушілердің қатысуымен 60 ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өткізілді:

  • Ықсанов көшесінде - 29;
  • «Ел ырысы» базарында - 7;
  • Зашаған кенттік округінде – 24.


Сатылған өнімдердің бағасы базардағы құнынан 15-20% төмен болды.


Бүгінгі күнгеауыл шаруашылық жәрмеңкесі Д.Нұрпейсова көшесі бойында орналасқан «Весы» СҮ-де әр жұма, сенбі және жексенбіде, сонымен бірге Зашаған кентіндегі, «Жәңгір Хан» СҮ-нің іргелес аумағында әр жексенбі сайын өткізілуде.


Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тежеу мақсатында, тауар өндірушілерге көкөніс өнімдерін сатуға арналған 14 дүнгіршек пен нан өнімдерін сатуға арналған 22 дүңгіршекті орналастыруға Кәсіпкерлік бөлімі тарапынан келісім берілді («Талецкий» ЖК, «Антипов» ЖК, «Исаев» ЖК).


Сондай-ақ, үстеме бағаны алып тастау мақсатында, «Орал құс фабрикасы» ЖШС-не жұмыртқа мен құс етін сату бойынша, қаланың әр түрлі аудандарына көшпелі саудаға шығу үшін келісім берілді.


Әлеуметтік тұрғыдан осал тұрғындар үшін супермаркеттердің ішінде бірінші қажеттіліктегі тамақ өнімдерін сатуға арналған әлеуметтік бұрыштар орналастыруға және Қазақстан Республикасында өндірілген тауарлар сатылатын орындарда «Қазақстанда жасалған» тақтайша орналастыруға келісімге қол жеткізілді. Сонымен қатар көтерме сатушылар мен тауар өндірушілер супермаркеттерге тауар өнімдерін көтерме бағамен делдалсыз, тікелей жеткізу туралы, сонымен қатар супермаркет иелерімен сол тауар өнімдерді ең төменгі бағамен сатуға және сауда базарлары иелерімен сауда алаңдарының жалға алу ақысынын көтермеу туралы келісімдерге қол жеткізілді.


Супермаркеттердегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары сауда базарлармен салыстырғанда төмен екенін атап өткен жөн.


Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында, картоп пен көкөністің көтерме жеткізушісі «Ляззат» ЖК әлеуметтік бұрышын ашты. Ұсынылған баға орташа бөлшек сауда бағаларынан 18-20% - ға төмен.


Сондай – ақ «Расул КЗ» ЖК өз дүкенінде барлық сатыпалушыларға арналған әлеуметтңк бұрыш ұйымдастырды. Ұсынылған баға базарлардағы орташа бөлшек сауда бағаларынан төмен.


Осы бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.


«Орал» ӘКК» ҰК» АҚ 2011 жылдан бастап Батыс Қазақстан облысындағы азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану бағдарламасы іске асыруда.


Бүгінгі күнге 2019-2021 жылға өңірлік тұрақтандыру қорын құру мен пайдалануға сатып алу келісім шартына қол қойылып, қаражатты аудару күтүлуде. Тұрақтандыру қоры жалпы сомасы 137,8 млн теңгеге құрылды, олар:

  • Бидай ұны - 200 000 кг;
  • Макарон өнімдері – 50 000 кг;
  • Қарақұмық – 2 200 кг;
  • Сары май – 20 000 кг;
  • Картоп – 980 500 кг;


Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысының тұрақтандыру қоры әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (көкөніс, ет және жарма өнімдері) нарықтық бағалардан төмен сатылатын «Ел Ырысы»  әлеуметтік дүкендерінің жобасын жүзеге асыруда. Қазіргі уақытта 10 павильон дайындалып, олардың 7 орнатылған:

  1. А. Құсайынов көшесі, «Революция» аялдамасы ауданында 2 павильон;
  2. Д. Нұрпейсова көшесі, «Орал қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» ғимараты ауданында;
  3. Есенжанов көшесі, «Омега» аялдамасы ауданында;
  4. Алмазов көшесі, «Марина» кафесінің ауданында;
  5. Әбілқайырхан даңғылы, «Циолковский» аялдамасы ауданында;
  6. Мұхит көшесі, «Мирлан» базарының аумағында.

 

Сауда базарларын жаңғырту және қайта жаңарту.

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2014 жылдың 6 тамыздағы тапсырмасына сәйкес, талаптарға сай ұйымдастырылмаған және стационарлық емес сауда базарларын жаңғырту қажеттігі туралы, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі №544 «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 10-бабы, 2-4 тармағына (2025 жылдың 1 қаңтарында қолданысқа енетін) сәйкес:


«Әмбебап сауда базары сауда орындары түрлі сыныптағы тауарларды сатуды жүзеге асыруға арналған сауда базары болып табылады:


астананың, республикалық маңызы бар қаланың және халқының саны бір жүз мың адамнан асатын облыстық маңызы бар қаланың аумағында сауда базары, автодүкендерді қоспағанда, ішінде стационарлық емес сауда объектілері орналасуы мүмкін бір және одан да көп стационарлық сауда объектілерінен тұрады».


Осыған орай, сауда базарларын жаңғырту мақсатында қала әкімдігімен сауда базарлары басшыларының қатысуымен ескі базарлардың орнына заманауи сауда үйлері мен стационарлық нысандар салу қажеттігі туралы кездесулер өткізілді.


Орал қаласында ресми түрде 24 сауда базары жұмыс істеп тұр;


(10азық-түлік, 14 азық-түлік емес), (9 әмбебап, 15 мамандандырылған).


- 3 базар бұрыннан стационарлық базар болып салынды;


(«Жалын», «Караван», «Ел-ырысы»).


- 2 базаржер телімінің нысаналы мақсатын өзгертпей жаңғыртудан өтті:«Ақжол»(2010 жылы), «Қалау»(2015 жылы).


- 4 базар жаңғыртуды кезең-кезеңмен жүргізуде;


(«Мирлан», «Золотая Чаша», «Алтын Алма», «Қайнар»).


- 15 базар жаңғыртуды 2020-2025 жылға дейін жоспарлады:


(«Сұлтан», «1100 ұсақ», «Бақытжол», «Колос», «Шебер», «Мерей», «Өнім», «На Айтиева», «Землячка», «Ашық жол», «Тұлпар», «Жайық», «Айгүл», «Михайл», «Алатау»).


Сонымен қатар, төменде көрсетілген базарлар жаңғыртудан өтіп жер телімінің нысаналы мақсатын өзгертіп сауда үйіне ауысты:


- «Орталық-киім базары» - «Московский» СҮ (Исаев көшесі, 2/8)                (2015 жылы)


- «На Алмазова» базары – «Проспект» СҮ (Достық даңғылы, 215)(2015 жылы)


- «Жеңіс» базары – «Жеңіс» СҮ ( Жеңіс ш/а, 13) (2015 жылы)


- «Жигули» базары (Әбілқайырхан даңғылы, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде).

 

Орал қаласындағы жабайы (стихииялы) сауда бойынша ақпарат


Мемлекет басшысы халыққа жолдаған жолдауында, көлеңкелі экономикамен күрес ел экономикасы дамуының басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Елбасыныңайтуы бойынша, сауда саласы көлеңкелі экономикаға айрықша үлес қосып отыр.


Жүргізілген талдау бойыншасауда саласындағы көлеңкелі экономиканыңкөрініс табуы бұл жасырын өндіріспен биресми сектор, яғни заңсыз сауда болып табылады.


Заңсыз сауда аймақ өңірінің дамуына кері әсерін тигізумен қатар, халықтың экологиялық жағдайына, санитарлық тұрмыс деңгейіне кері әсерін тигізуде.


Сонымен қатар, заңсыз сауда орындарынан азық-түлік өнімдерін сатып алған кезде, яғни белгісіз шығарылған тағамдарды пайдаланғанда жұқпалы ауруларға шалдығу мен тағамнан улану қаупі туындайды.


Орал қаласының кәсіпкерлік бөлімі мамандарымен 2019 жылдың басынан бері жабайы базарлардың сатушыларымен түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.Қаладағы азық-түлік базарларындағы бос сауда орындары және олардың жалға алу құны туралы жадынамалар үлестірілді.


Жоғарыда аталған шаралардың жүргізілген аудандары:

  • «Мирлан» және «Колос» базары ауданы ( А. Кердері, Ж.Досмұхамедов, Д. Нұрпейсова, К. Ахмиров, Мұхит көшелері)
  • «Проспект» СҮ ауданында (Достық даңғылы)
  • «Жайық» базарының ауданы (Әбілқайырхан даңғылы)
  • «Тұлпар» базарының ауданы (Д. Нұрпейсова көшесі)
  • «Школьник» СҮ ауданы (Құрманғазы көшесі)
  • «Лидер» супермаркетінің ауданы (Жәңгірхан көшесі)
  • «Өнім» базарының ауданы (Гагарин көшесі)
  • «Сұлтан» базарының ауданы (Еуразия даңғылы)
  • «Сити центр» СҮ ауданы (Еуразия даңғылы)
  • «Ақжол» базарының ауданы (Құрманғазы көшесі)

Әсіресе «Мирлан» базарының ауданы, атап айтқанда Ж.Досмухамедов, Фрунзе, Кердері, Ахмиров, Мухит, Құрманғазы, Д. Нұрпейсова (кварталы) және Әбілхайыр хан даңғылындағы «Жайық» базарының ауданындағы жабайы базарлар басты мәселе болып тұр.


Жыл басынан бері Орал қ. Полиция басқармасы, Орал қ. қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, Орал қ. мемлекеттік кірістер басқармасы мамандарынан жасақталған жұмыс тобы белгіленбеген орындардағы сауданы жою мақсатындағы шараларды күн сайын жүргізіп келеді.


Орал қ. Полиция басқармасының қызметкерлері«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 204-бабына сәйкес белгіленбеген орындарда сауда жасаушыларға әкімшілік хаттама толтырылуда.


Бөлім тарапынан Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөліміне тұрақты жабайы сауда орындарына ақпараттық белгілер орнату бойынша ұсыныс енгізілді.


Осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.

 

Көшпелі сауда

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы, 1-тармағы, 4)-тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 27-бабы, 2-тармағына сәйкес келесі көшпелі сауда орындары жергілікті өндіруші, өңдеуші және қызмет көрсетуші кәсіпкерлерді қолдау мақсатында және маусымдық қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін хаттамалық тапсырмасымен Көшпелі сауда орындары белгіленді.

  1. Тұңғыш Президент алаңында қала тұрғындары мен қонақтарын маусымдық қажеттіліктермен қамтамасыз ету мақсатында орналастырылған 14 жеңіл үлгідегі сауда павилоны кәсіпкерлердің өтініші негізінде пайдалануға берілді;
  2. Жазғы мезгілде тұрғындарды алкогольсыз сусындар (квас, салқындатылған сусындар) және зауыттық қаптамадағы балмұздақтармен қамтамасыз етуге 95 орын;
  3. Саяжай өнімдерін, қарбыз және қауын сатуғабелгіленген 30 орын;
  4. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Қылқан жапырақты теректер сатуға 31 орын;
  5. Кәсіпкерлердің өтініші негізінде скверлерде және ойын алаңдарынан тыс жерлерде балаларға арналған үрмелі батут (аттракцион) орнату орындары;

6.Салауатты өмір салтын қолдау мақсатында қала тұрғындары мен қонақтары үшін ұйымдастырылған Орал қаласының мәдениет және демалыс саябағының оң жағалауындағы велосипед тебу алаңында келушілерді велосипедтермен қамтамасыз ету үшін осы жерде велосипедтерді жалға беру орындары белгіленді.


Бизнеске қолдау көрсету шарасы аясында көшпелі сауда жүргізуге белгіленген орындар қаланың барлық аумағын, кенттік округтерді (Зашаган, Деркөл, Желаево, Круглозерное және Серебряков) қамтиды.


Бұдан басқа, жергілікті тауар өндірушілерді қолдау аясында өнім өндіруші кәсіпкерлік субъектісінеқала аумағында нан, кондитерлік, шұжық, сүт, жұмыртқа, балық өнімдерін және т.б. сату туралы көшпелі саудаға шығуға келісім беріледі.


Есепті кезең ішінде кондоминиум аумағында нан өнімдерін, көкөніс және жеміс жидек, газет-журнал және т.б. сатуға арналған сауда павильондарын орнатуға/мерзімін ұзартуға 4 келісім алынды.